Жаңалықтар

«9 айлық нәрестені де алып кеткен». ХАМАС қанша израильдікті тұтқында ұстап отыр

«9 айлық нәрестені де алып кеткен». ХАМАС қанша израильдікті тұтқында ұстап отыр
Фото: © BBC 07.11.2023 10:43 2177

Газа секторында 241-ден астам Израиль және шетелдік азамат тұтқында отыр. Олардың арасында 9 айлық бала да бар. Бұл туралы Израиль сыртқы істер министрінің Еуразия және Балқан елдері бойынша бас директорының орынбасары Симона Гальперин мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олардың ішінде 18 жасқа толмаған 30-дан астам бала және 5 жасқа толмаған 10-нан астам бала бар. Олар тіпті 9 айлық және 2-3 жастағы балаларды өздерімен бірге алып кеткен. ХАМАС Израильге шабуыл жасаған түні қарапайым адамдарға зәбір көрсеткен. Қарапайым адамдарды тірідей байлап қойып өртеп жіберген. Біз оларды тірідей өртеп жібергенін қалай білдік? Себебі олардың патологиясында түтін жиналып қалған. Бұл оларды тірідей өртеп жібергеніне тағы бір көзімізді жеткізді. Осындай жағдайлар көп болған. Әкесі мен баласын көлікте байлап өртеп жіберген жағдайлар да болды. Қарапайым тұрғындардың үйіне кіріп, балаларды атып кеткен, - деді Симона Гальперин.

Оның айтуынша, 5400-ден астам Израиль азаматы жараланған. 1400 израильдік қаза тапты. Ал олардың қаза тапқанын кейбір отбасылар әлі күнге дейін білмейді. Себебі қаза тапқандардың денесін тану мүмкін болмай отыр.

Айта кетейік, бүгін ХАМАС-тың Израильге шабуыл жасағанына бір ай болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға