Жаңалықтар

«9-20-25» ипотекалық бағдарламасы қашан іске қосылатыны белгілі болды

«9-20-25» ипотекалық бағдарламасы қашан іске қосылатыны белгілі болды
Фото: © Pixabay.com 07.02.2024 14:10 787
 
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр баспасөз брифингінде «9-20-25» ипотекалық бағдарламасының қашан іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл бағдарлама «Отбасы банк» пен республикалық бюджет есебінен бірлесіп қаржыландыру арқылы іске қосылатын болады. Бұған дейін Әлихан Смайылов атап өткендей, аталмыш мәселе пысықталды. Бағдарлама белгіленген мерзімде жүзеге асырылатын болады, – деді Скляр.
Журналистер «Демек, сіз бұл ипотекалық бағдарлама 1 наурызда іске қосылатынын растайсыз ба?» деп қайта сұрады.
Роман Скляр бұл сұраққа «иә» деп қысқа қайырды.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға