Жаңалықтар

8 мыңнан астам учаскеде дауыс беру аяқталды

8 мыңнан астам учаскеде дауыс беру аяқталды
05.06.2022 20:13 1600

Астана уақытымен сағат 20.00-де еліміздің аумағында ашылған 8 мыңнан астам референдум учаскесінде дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Дәл қазіргі уақытта еліміздің 12 өңіріндегі 8 089 референдум учаскесі жұмысын аяқтап, аумақтық референдум комиссиясының мүшелері дауыс санауға кірісті. Сонымен қатар 10 шет мемлекеттегі Қазақстан елшіліктері жанынан ашылған 17 учаскеде дауыс беру аяқталып отыр. 

Сағат айырмашылығына байланысты еліміздің 5 өңірінде, атап айтқанда Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарындағы 1 858 учаскеде дауыс беру астана уақытымен сағат 21.00-де аяқталады. Ал шетелдегі 48 учаскеде сағат айырмашылығына байланысты дауыс беру әлі жүріп жатыр. 

Жалпы республика бойынша 10 012 референдум учаскесі құрылған. Оның ішінде 52 шет мемлекеттегі 65 учаске бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға