Жаңалықтар

82 жастағы Аль Пачино мен оның 29 жастағы сүйіктісі жақында сәбилі болады

82 жастағы Аль Пачино мен оның 29 жастағы сүйіктісі жақында сәбилі болады
Фото: instagram.com/nooralfallah 01.06.2023 09:45 858

82 жастағы Аль Пачино мен 29 жастағы сүйіктісі Нур Альфаллах жақында сәбилі болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БАҚ Нурдың бір айдан соң босанатынын жазуда, бұл оның бірінші баласы.

Аль Пачиноның ресми өкілдері бұл жайтқа қатысты қандай да бір мәлімет беруден бас тартты. Сөйте тұра «Өкіл әке» фильмінің жұлдызы осымен төртінші рет әке атанбақ.

Нур бұған дейін де 60 жастан асқан ер адамдармен көңіл қосқан. Мұның алдында ол 79 жастағы Мик Джаггермен, 93 жастағы Клинт Иствудпен және 61 жастағы Николас Берггрюенмен де жұп атанған.

БАҚ өкілдері бойжеткенді өнер адамдарының қалтасы қызықтырмайтынын жазады. Себебі ол өзі ауқатты отбасынан шыққан. Нурдың әкесі – мұнай бизнесімен айналысатын миллиардер. Нурдың өзі өте табысты продюсер.

Аль Пачино ешқашан үйленбеген, бірақ оның үш баласы. Актерлік шеберліктен сабақ берген мұғалімнен 1989 жылғы Джулия Мария Пачино есімді қызы бар. Сонымен қатар актриса Беверли Д’Анджело Антон Джеймс және Оливия Роуз есімді егіз дүниеге әкелген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға