Жаңалықтар

8 наурызға танымал сыйлықтар: әйелдер әдетте нені таңдайды

8 наурызға танымал сыйлықтар: әйелдер әдетте нені таңдайды
Фото: © Pixabay.com 05.03.2024 16:09 739

Picodi.com сарапшылары қазақстандықтар арасында сауалнама жүргізіп, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қандай сыйлықтар танымалдылыққа ие екенін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елімізде Халықаралық әйелдер күні ерекше тойланады, сұралғандардың 65 пайызы бұл мерекені атап өтетінін мәлімдеген. Оның үстіне 8 наурыз – демалыс күні. Сауалнамаға қатысқандардың 13 пайызы бұл күнді жұмыс күні етуі керектігін алға тартқан. Дегенмен басым көпшілік демалуды құп көреді.

Бұл мерекені әйелдер күні ретінде атап өтуге қарсы адамдар да бар екен, олардың саны 3% құрайды.

Сауалнамаға қатысқан арулардың барлығы толықтай бұл күні туыстарынан сыйлық алады екен, 75 пайызы әріптестерінің де ықыласына бөленеді.

Әйелдердің басым бөлігі сыйлыққа ақша алғанды құп көреді – 75%.

Парфюмерия – 63%

Боянуға арналған заттар – 54%

Зергерлік бұйымдар – 46%

Гүлдер – 39%

Тәттілер – 34%

Электроника – 31%

Сертификат – 27%.

Әйелдерге қандай сыйлық жиі беріледі

Әріптестер:

Гүл - 87%

Тәттілер - 75%

Сертификат - 56%

Ақша - 42%

Косметика - 21%

Туыстар жиі сыйлайтын сыйлықтар:

Гүл - 89%

Тәттілер - 75%

Зергерлік бұйымдар - 64%

Косметика - 59%

Ақша - 43%.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға