Жаңалықтар

8 млн 108 мың сайлаушы өз таңдауын жасады

Бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр
8 млн 108 мың сайлаушы өз таңдауын жасады
Фото: El.kz 20.11.2022 18:19 1356

Республика бойынша сайлаушылардың 67,85 пайызы дауыс берді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов айтты, деп хабарлайды El.kz

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған дерекке сәйкес, астана уақытымен сағат 18.00-де өңірлерде азаматтардың келуі мынадай:

Абай облысы бойынша – 78,88,

Ақмола облысы бойынша – 75,82,

Ақтөбе облысы бойынша – 71,23,

Алматы облысы бойынша – 70,92,

Атырау облысы бойынша – 67,88,

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 64,77,

Жамбыл облысы бойынша – 77,27,

Жетісу облысы бойынша – 77,8,

Қарағанды облысы бойынша – 77,80,

Қостанай облысы бойынша – 77,56,

Қызылорда облысы бойынша – 77,20,

Маңғыстау облысы бойынша – 64,57,

Павлодар облысы бойынша – 77,12,

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 77,46,

Түркістан облысы бойынша – 80,25,

Ұлытау облысы бойынша – 74,45,

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 76,81,

Астана қаласы бойынша – 48,01,

Алматы қаласы бойынша – 27,93,

Шымкент қаласы бойынша – 59,56 пайыз.

Шавкат Өтемісовтің дерегінше, жалпы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 108 168 азаматы бюллетень алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға