Жаңалықтар

8 метр: әлемдегі ең алып жылан табылды

8 метр: әлемдегі ең алып жылан табылды
Фото: Видеодан алынған кадр 23.02.2024 10:46 16856

Бразилияда әлемдегі ең алып жылан анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның ұзындығы 8 метрді құраса, салмағы шамамен 200 келіге жетеді, ал басының көлемі адамның басымен бірдей. Бұл жасыл анаконданы жабайы табиғат туралы бағдарлама жүргізушісі, нидерландтық профессор Фрик Вонк анықтаған.

The Sun мәліметінше, жыланның бұл түрі бұған дейін алып саналған түрінен әлдеқайда ұзын – ол 6 метр еді. Осы уақытқа дейін Амазонкада жасыл анаконданың бір ғана түрі белгілі болған.

Жыланның жаңа түріне Eunectes akayima, яғни Солтүстік жасыл анаконда атауы берілген. Ол туралы мәліметтер 16 ақпанда Diversity журналында пайда болды.

Шын мәнінде, бұлар бір-біріне мүлде ұқсамайды. Бір қарағанға, екеуі бірдей көрінгенімен, генетикалық айырмашылық 5,5% тең, бұл өте көп. Түсінікті болуы үшін мысал келтірейін, адам мен шимпанзе генетикалық тұрғыда бір-бірінен 2% ғана өзгешеленеді, - деді профессор Вонк.

Ғалымдар мұндай жасыл анаконданың бары туралы осыдан 15 жылдан астам уақыт бұрын болжам жасаған, алайда оған дәлел тек қазір табылып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға