Жаңалықтар

8 адамның өлімі: «ҚазАвтоЖол» тірідей жанып кеткен оқушылардың отбасына көңіл айтты

8 адамның өлімі: «ҚазАвтоЖол» тірідей жанып кеткен оқушылардың отбасына көңіл айтты
Фото: Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы 06.03.2024 16:36 1362

Бүгін Ақтөбе-Астрахань автожолында қарама-қарсы бағытта қозғалған екі автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына шұғыл түрде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиал қызметкерлері, жол полициясы мен жедел жәрдем өкілдері жетті.

Алдын ала ақпарат бойынша Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі жол жүру ережесінің 9.1 пунктін бұзып, қарсы бағыттағы жолаққа шыққандықтан Toyota Hilux автокөлігіне соғылған. Жол көлік апатының орнында Lada көлігінде болған 8 адам тіл қатпастан көз жұмды. Екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушылары Қандыағаш қаласының аудандық ауруханасына жеткізілді.

Жол апаты болған сәтте күре жолдың жабыны таза, көрініс шектелмеген. Қажетті жол белгілерінің барлығы орнатылған. «КазАвтоЖол» ҰК» АҚ қаза болған адамдардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады, - делінген «ҚазАвтоЖол» ақпаратында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға