Жаңалықтар

700 мың Маңғыстау халқының тағдырын тәлкек еткендер жауап берсін – Самат Мұсабаев

700 мың Маңғыстау халқының тағдырын тәлкек еткендер жауап берсін – Самат Мұсабаев
Фото: t.me/mazhilis_kz 03.05.2023 11:01 4116

Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев Үкімет басшысы, бас прокурорға Маңғыстау облысындағы  «Қошқар Ата» ойпатында орналасқан әлемдегі ең үлкен радиоактивтік қалдықтар қоймасын рекультивациялау туралы сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгінгі біздің депутаттық сауалымыз басталмай жатып бір емес екі рет тоқтатылған, бөлінген миллиардтаған қаражат бір емес, екі рет игерілмеген, Президентіміздің Үкіметке берген тапсырмасы да орындалмаған, Парламент мінберінен бірнеше рет депутаттық сауалмен көтерілген,премьер-министрдің бірінші орынбасарының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы хаттамасы да орындалмаған - Маңғыстау облысындағы  «Қошқар Ата» ойпатында орналасқан әлемдегі ең үлкен радиоактивтік қалдықтар қоймасын рекультивациялау жұмыстары болып отыр. 700 мың Маңғыстау халқының тағдырын тәлкек еткен жауапты мемлекеттік тұлғаларға тексеріс жүргізіліп, қатаң жауапқа тартылуын талап етеміз, - деді Самат Мұсабаев.

Айта кетейк, депутат бұл мәселені бұған дейін де талай рет көтерген. «Қошқар Ата» ойпатында 105 миллион тоннадан астам уытты, оның ішінде 52 миллион тоннаға жуық әлсіз радиоактивті қалдықтар орналастырылған.Радиоактивті қалдықтарды сақтау Ақтау қаласының, Мұнайлы және Түпқараған аудандарының 400 мыңға жуық тұрғындарының денсаулығына, яғни облыс халқының 55 процентіне теріс әсер етеді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға