Жаңалықтар

700 млн теңге жымқырған: Шымкентте аудан әкімдігінің қызметкері ұсталды

700 млн теңге жымқырған: Шымкентте аудан әкімдігінің қызметкері ұсталды
Фото: © El.kz / Нұркен Алишев 20.09.2023 10:18 582

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғасы бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚМА мәліметінше, күдікті өзінің лауазымдық жағдайын пайдалана отырып, қала аумағындағы көпқабатты үйлердің 150 ауласын абаттандыру бойынша сметалық құжаттамада жұмыстар мен материалдардың бағасын негізсіз қымбаттатқан.

Ол 700 млн теңгеден астам сомаға аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Сот санкциясымен аталған азамат ұсталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға