Жаңалықтар

«7 – қазақ үшін қасиетті сан». Димаш Құдайберген ерекше мәлімдеме жасады

«7 – қазақ үшін қасиетті сан». Димаш Құдайберген ерекше мәлімдеме жасады
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash 31.01.2024 14:01 740

2024 жылғы 30 қаңтарда халық әртісі Димаш Құдайберген әлемнің түкпір-түкпірінен қолдау көрсететін жанкүйерлеріне алғысын жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрметті достар, сүйікті Dears! Бүгін мен үшін өте маңызды күн. Себебі біз жетінші мерейтойымызды атап өткелі жатырмыз.
Өздеріңіз білесіздер, 7 саны – қазақ халқы үшін қасиетті сан. Сондықтан мен сіздермен бірге болған 7 жылымның әрбір сәтіне шексіз ризамын. Шығармашылығымды сіздермен бөлісіп, паш ете алатынымды және сіздермен бірге керемет естеліктер жасағанымды мақтан тұтамын.

Қолдауларыңыз үшін мың алғыс! Әрқашан бақытты болыңыздар! – деді Димаш.

Әншінің жанкүйері де оған жылы лебіздерін білдіріп, оның ерекше дауысына, көркем мінезіне, сымбатына тәнті екенін жеткізген.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға