Жаңалықтар

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 2024 жылға қанша қаржы бөлінгені анықталды

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 2024 жылға қанша қаржы бөлінгені анықталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 31.12.2023 10:01 1703

Ұлттық банк 7-20-25 бағдарламасының 2024 жылға арналған бюджетін бекітті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылғы бюджет лимиті де 2023 жылғымен бірдей бекітілді. Яғни100 миллард теңгеден асырмау туралы шешім қабылданған. Сосын бюджетті тоқсан сайын 25 миллиард теңгеден үлестіру қарастырылған.

Бағдарлама бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын сенімгерлік басқарғаны үшін банктердің сыйақысын жылдық 3%-дан 2,5%-ға дейін төмендету көзделеді. Бұл түзету бағдарлама операторы – "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ мен бағдарламаға қатысушы банктер арасында белгіленетін құқықтық қатынастарды қозғайды және азаматтарды кредиттеу шарттарына әсер етпейді.

Айта кетейік, бағдарлама 2018 жылы жұмыс істейтін азаматтарды 25 жылға дейінгі мерзіммен және 20%-дан басталатын бастапқы жарнамен 7%-дық жеңілдікті мөлшерлеме бойынша қолжетімді ипотекамен қамтамасыз ету үшін іске қосылған.

2023 жылғы 28 желтоқсандағы жағдай бойынша бағдарлама аясында 974,1 млрд теңгеге 71 699 жеңілдікті қарыз берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға