Жаңалықтар

"60 миллион теңге". Мөлдір Әуелбекова 7 жасар ұлына пәтер сыйлады

"60 миллион теңге". Мөлдір Әуелбекова 7 жасар ұлына пәтер сыйлады
Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova 29.11.2023 16:45 5778

Елге танымал әнші Мөлдір Әуелбекова ұлының туған күніне қымбат пәтер сыйлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әнші өзінің Instagram парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті.

Ұлымның құны 60 млн теңге тұратын сыйлығы осы. Баламның қалауы пәтер болатын. Менің тағы бір үлкен жетістігім, қуаныштан бір жылап алдым. Қолдаушы ата-анама және алға жетелеуші ұл-қызыма рақмет. Тілекші халқыма алғыс айтамын. Жұғысты болсын, - деп жазды әнші. 

Айта кетейік, осыған дейін Мөлдір Әуелбекова ұлы Салтайдың 7 жасқа толғанда дастарқан жайып, шоу бағдарлама ұйымдастырған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға