Жаңалықтар

6 мыңнан астам қазақстандық «банкрот» болуы мүмкін

6 мыңнан астам қазақстандық «банкрот» болуы мүмкін
Фото: © Pixabay.com 04.05.2023 13:00 555

6 мыңнан астам қазақстандық «банкрот» атануы мүмкін. Бұл туралы Сенаттың кулуарында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда бізге 49 мың арыз түсті. Солардың 6 мыңнан астамы өңделіп, оң шешімі қабылданды. Енді 6 айдың ішінде ол азаматтарға «банкрот» мәртебесі берілуі мүмкін. Яғни әзірше бірінші шешім қабылданды, - деп айтты вице-министр.

Оның айтуынша,нақты шешім әлі қабылданған жоқ.Себебі заңнама бойынша 6 ай мерзім өтуі керек. Сондай-ақ 36 мың арыз берушінің арызы кері қайтарылған.

Кей азаматтар соттан тыс банкроттық рәсімінің критерийлеріне сәйкес келмей жатыр. Оның себебі – қарызының мөлшерден жоғары болуы (5,5 млн теңгеден астам – вице-министр), өздерінің активтерінде мүлік немесе автокөлік болуы сияқты сұрақтар туындап жатыр. Бірақ айта кетерлігі, егер біз арызды қайтаратын болсақ, заңнама аясында көрсетілген  3 айдың ішінде қайта арыз бере алады, - деді Ержан Біржанов.

Елімізде «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң 3 наурыздан басталған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға