Жаңалықтар

6 қазанда AMANAT партиясының кезектен тыс съезі өтеді

Бұл туралы партияның баспасөз қызметі мәлімдеді
6 қазанда AMANAT партиясының кезектен тыс съезі өтеді
Фото: Amanat 27.09.2022 09:37 1031

AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов кезектен тыс XXIV съезді 6 қазанға Астана қаласына шақыру туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды El.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық іс-шараларын қолға алды», - деп жазды ұйымнан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға