Жаңалықтар

5G желісін орнату үшін радиожиіліктер арасында аукцион жарияланды

Бұл туралы «Самұрық-Қазына» Акционерлік қоғамының отырысында айтылды
5G желісін орнату үшін радиожиіліктер арасында аукцион жарияланды
Фото: El.kz 25.11.2022 16:11 952

Бұған қатысты ақпарат «Самұрық-Қазына» Акционерлік қоғамының екінші топтамасына қатысты өткен отырысында мәлімделді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Самұрық-Қазына АҚ өкiлi Ернат Бердіғұлов 5G желісі алдымен еліміздің 3 қаласында қосылатынын айтты.

«Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстанда қараша айында 5G желісін салу үшін радиожиіліктерге ашық аукцион жариялады. Оны 2022 жылдың желтоқсанында өткізу жоспарлануда. «Қазақтелеком» құрамына кіретін байланыс операторлары оған қатысуды жоспарлап отыр. Бірінші кезеңде Алматы, Астана және Шымкентте, содан соң барлық облыс орталықтарында 5G желісі қосылады», – дейді Ернат Бердіғұлов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға