Жаңалықтар

57 млн теңге жымқырған Қазақстан азаматы Швециядан экстрадицияланды

57 млн теңге жымқырған Қазақстан азаматы Швециядан экстрадицияланды
Фото: Видеодан кадр 09.11.2024 12:02 407

Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Стокгольмдегі Елшілігінің көмегімен бөтеннің мүлкін аса ірі көлемде жымқырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Швеция Корольдігінен Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ол 2015–2020 жылы Шымкенттегі сауда орталығында жұмыс істеп жүріп, өзіне сеніп тапсырылған 57 миллион теңгеге жуық қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді. Қылмыс жасағаннан кейін жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Биыл ақпан айында ол Швецияда ұсталды. 

Қазақстан Бас прокуратурасының өтініші бойынша күдікті елге экстрадицияланып, қазір Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталушы 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Айта кету керек, Швеция Корольдігімен экстрадициялау туралы келісімнің жоқтығына қарамастан, сотталушыны экстрадициялау Қазақстан Бас прокуратурасы мен Швеция Әділет министрлігі арасындағы тығыз ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болды. Одан басқа, өткен жылы швед тарабы Қазақстанға іздеуде жүрген 2 адамды экстрадициялаған болатын, олар қазір әртүрлі жаза түрлеріне сотталғанын еске саламыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға