Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев оқушылар мен студенттерді жұмыспен қамту шаралары туралы баяндады. Оның айтуынша, биыл Қазақстанда 5,3 мың оқушы жұмыспен қамтылды.
Елімізде е 14 пен 18 жас аралығындағы 1,7 млн жасөспірімге жұмыс істеуге рұқсат берілген. Соның ішінде 5,3 мың оқушы бар.
Олардың ең көбі сауда, ойын-сауық және демалыс қызметтерін ұсыну, сондай-ақ тамақтану салаларында жұмыс істейді, яғни жасөспірімдер жиі алғашқы еңбек тәжірибесін алатын бағыттар. Мамандықтарға бөлсек, бұл – көгалдандыру жөніндегі жұмысшылар, курьерлер, даяшылар, сатушы-кеңесшілер, аспаздардың көмекшілері, аниматорлар және тағы да басқалар, – деді Асқарбек Ертаев.
Жұмыс табу жолдары
Осындайда ата-аналар балаларға қалай қауіпсіз жұмыс тауып беру керегіне бас қатырады. Сол үшін министрлік мынадай нұсқау ұсынады:
- enbek.kz платформасы арқылы ресми және қауіпсіз жұмыс іздейсіз
- еңбек биржасына тіркелесіз
- платформадағы «Менің жазғы демалысым» деп аталатын арнайы бөлімге кіресіз
2026 жылдың басынан бастап «Менің жазғы демалысым» платформасы арқылы 1 024 оқушы, ал 2025 жылы 4 552 оқушы жұмысқа орналастырылды.
Бұл оқушыларға 14 жастан бастап платформада тіркеліп, жеке кабинет құрып, түйіндеме орналастыру арқылы өз бетінше қолайлы жұмыс іздеуге мүмкіндік береді. Осы ретте, 16 жасқа дейінгі оқушылар үшін жеке кабинетті тіркеуді және құруды заңды өкілдер жүзеге асырады», – деп түсіндірді Асқарбек Ертаев.
Жалпы, өткен жылы 8,5 мыңнан астам оқушы жұмыс істеген. Олардың едәуір бөлігі қоғамдық жұмысқа тартылған. Биыл жұмысқа орналастыру оқу жылы аяқталғаннан кейін басталады.
Құқымызды қалай қорғаймыз?
Қазақстанда кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар заң жүзінде күшейтіледі. Кәмелетке толмағандардың жазатайым оқиғалардан сақтау міндетті. Сол үшін жұмыс беруші міндетті ақтандыру талабын орындауы керек. Қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуі тиіс. Республиканың барлық кәсіпорнында еңбек тәуекелдері картасы базасы құрылып, цифрлық форматта баршаға қолжетімді болады.
Соған сай кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамтуға болатын және болмайтын нысандардың нормативі бекітіледі. Жұмыс беруші жасөспірімнің жасын сұрап, оған істейтін жұмысының түрі, не істеу керегі мен қауіпсіздік талабы туралы толық түсіндіруі керек.
Мұның бәрі ХЕҰ-ның №182 Балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу және жою туралы конвенциясында бекітілген Кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
Министрлік бейресми жұмыспен қамтуды бақылауды күшейтеді.