Жаңалықтар

5200 пәтер: келесі жылы Астанада кезекте тұрған отбасылар өз үйлеріне кіреді

5200 пәтер: келесі жылы Астанада кезекте тұрған отбасылар өз үйлеріне кіреді
Фото: © ОКҚ 22.12.2023 13:35 2558

Пәтерге ие болатындар арасында жетім балалар, көп балалы аналар, әлеуметтік осал топқа жататын азаматтар бар. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы жылы жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламалар бойынша біз азаматтардың әртүрлі санаттары үшін 5200 пәтер беру туралы міндет қойдық, оның ішінде жетім балалар, көп балалы аналар, әлеуметтік осал топтағы азаматтар, сонымен қатар жұмыс істейтін жастар бар. Қазір құжаттарды рәсімдеу бойынша тиісті жұмыстар жүріп жатыр, - деді әкім.

Келесі жылдың басында кезекте тұрғандар өз үйлеріне кіреді.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға