Жаңалықтар

52 млн теңге: Павлодар облысы шырша орнатудан рекорд жаңартты

52 млн теңге: Павлодар облысы шырша орнатудан рекорд жаңартты
Фото: Видеодан кадр 22.12.2023 11:30 2414

Павлодарда орталық алаңға 52 млн-нан аса теңгенің шыршасы қойылып жатыр. Оның биіктігі 30 метр. Шыршадан бөлек, безендіру жұмыстарына да қыруар қаржы бөлінген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл алып мұз қалашықтарын салуға күн райы ырық бермейді. Қыруар қаржы бөлерде әкімдік мұны ескермеген. Қоғамдық ұйымдар осылай деп наразылық білдіріп жатыр.

Ертіс жағасында мұздан қалашық құйылады. Оның құны 53 млн теңге. Сырғанақ, ертегілер кейіпкері бәрі сол жерде болады. Одан басқа қаланы безендіру үшін 80,5 млн теңге қаржы жұмсалады. Бүркіт пен шаңырақ бейнесіндегі әсем фигураларды қойып самаладай жарқыраған шамдармен безендіреміз, - дейді Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева qazaqstan.tv тілшісіне берген сұхбатта.

Биыл биік әрі алып мұз қалашықтарын салуға және ұзын сырғанақтар жасауға күн райы ырық бермейді. Бірақ, қыруар қаржы бөлерде әкімдік мұны ескеріп, сараптамаған сияқты. Осылай деп қоғамдық ұйымдар наразылық білдіріп жатыр. Құқық қорғау органдары болса, бөлінген қаражаттың игерілуін тексермек.

Жаңа жылдық шыршаны безендіруге байланысты сұрақтар бойынша қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа байланысты мониторинг жүргізе бастадық. Қорытындысы бойынша сіздерге қосымша хабар береміз, - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Мұратбек Қасымов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға