Жаңалықтар

51 пайызы қазақ тілінде оқиды. Халықтың неше пайызы қазақ екені ресми түрде айтылды

51 пайызы қазақ тілінде оқиды. Халықтың неше пайызы қазақ екені ресми түрде айтылды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 16.11.2023 16:00 864

Қазақстандағы мектептердің 51 пайызында ғана қазақ тілінде оқытады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Мақсат Тұрлыбаев мәлімдеді.

Брифингте БАҚ өкілі Қазақстандағы қазақтар санын, қазақ тілінде білім беретін мектеп пен балабақша санын сұраған болатын.

Біз осы айдың басынан бастап халық санағының қорытындыларын жариялай бастадық. Нәтижесінде қазақтардың саны – 13,5 млн адам, жалпы 70 пайыздан асып отыр. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мектепке дейінгі ұйымдардың 67 пайызы, мектептердің 51 пайызы қазақ тілінде білім береді, - деді Мақсат Тұрлыбаев.

Бұған дейін 14 қараша күні бір уақытта дүниеге келген  5 бала Қазақстанның 20 миллионыншы азаматы ретінде анықталғанын жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға