Жаңалықтар

500 мың доллар инвестиция: Қазақстандық стартап Түркия мен Испанияда жұмыс істейді

500 мың доллар инвестиция: Қазақстандық стартап Түркия мен Испанияда жұмыс істейді
Фото: DOQ.kz 16.03.2023 16:30 978

Astana Hub халықаралық технопаркінің қатысушысы қазақстандық DOQ.kz стартабы Ыстанбұл мен Испанияда қызметтерінің ауқымын кеңейтпек. Дубайдың Almak Capital қоры инвестор ретінде стартапқа 500 мың доллар қаржы құяды. Дубайлық инвестор компания бұған дейін әр түрлі елдерден оннан астам стартапты қаржыландырған. Ал қазақстандық компанияға алғаш рет инвестор болуға бел буды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Forbes.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл сервис дәрігердің жұмыс кестесіндегі бос уақытын көрсететін және пациенттерге онлайн қабылдауға жазылуға мүмкіндік береді. Стартап дәрігерлерге пациенттерден кері байланыс алуға және дәрігерге барғаннан кейін ғана жазуға болатын нақты пікірлерді жариялауға мүмкіндік береді. Бүгінге дейін платформада 220 мыңнан астам пациенттің нақты пікірі тексеріліп, жарияланды.

Біздің қызмет дәрігерлер туралы досыңыздан, туысқаныңыздан немесе таныс дәрігерден гөрі көбірек біледі, себебі көбірек деректері бар қызметтің статистикасы пациенттердің сенімін ұялатады. Бұл стартапты құрудағы негізгі ой да өзімдегі мәселеден басталған. Күйзелістен аяғымда дерматит пайда болғаннан кейін үш жыл бойы қаншама дәрігерге барсам да, емнің соңы нәтижесіз аяқталатын. Ақырында, компания іске қосылғаннан кейін, платформадағы ең жақсы дерматолог маған теңізге шығуға кеңес берді. Білікті дәрігердің қарапайым кеңесі екі күнде проблемадан арылуға көмектесті. Айта кетуім тиіс тағы бір оқиға бар. Менің немере әпкем осы платформадағы шынайы пікірлердің арқасында жүрегіне сәтті ота жасауға көмектескен дәрігерді тапты, - дейді негізін қалаушы Айдар Арынғазин.

Жоба авторлары аталмыш қызметті 2020 жылдың наурыз айында Ресейде іске қосуды жоспарлады, бірақ пандемияға байланысты кейінге қалдырылды. Осы уақыт ішінде құрылтайшылардың өнімге деген көзқарасы айтарлықтай өзгерген. Пандемиядан кейін стартап командасы АҚШ-та немесе Еуропада ауқымын кеңейту туралы шешім қабылдайды. Алайда, Америка визасын алу үшін бес ай күту керек болды, сондықтан 2022 жылы Түркияда бета-тестілеу басталды.

Стартап авторларының 2023 жылдың соңына дейінгі мақсаты – әлемнің ең ірі мегаполистерінің бірі Ыстанбұлда жоғары нәтижеге қол жеткізу және Испанияда бета-тестілеуді бастау.

Біз Айдармен Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде Механика-математика факультетінде бірге оқыдық. Содан кейін бәріміз Айдарды әлемдегі ең элиталық спортшылар тізімінде жоғары орынға ие болған данышпан Dota ойыншысы ретінде таныдық. Айдар өзінің стартап идеяларымен жұмыс істей бастағанда-ақ Қазақстандағы бәсекеге қабілетті көшбасшылардың бірі болды. Қазір компанияның кірісі ай сайын шамамен 10%-ға тұрақты түрде өседі және компания жұмысын бір жылдан астам уақыт бойы ешқандай шығынсыз жүргізіп келеді. Айдар мен оның командасы Қазақстанда нарықтағы сұранысқа сай өздерінің «product market fit»-ті таба алды, енді келесі челлендж - оны Ыстамбұлда табу», - дейді инвестор, Almak capital серіктесі Ержан Мусин.

Айта кетейік, сервис 2017 жылы іске қосылды және бүгінгі таңда 2000-нан астам жеке дәрігерлерді қамтитын Қазақстанның бес ірі қаласында жұмыс істейді.

ІТ-да Digital health секторы қарқынды түрде дамып жатыр. Былтыр АҚШ-та  осы сектордағы стартаптар 15 миллиард доллардан астам қаражат жинады, бес жыл бұрын бұл көрсеткіш 6 миллиард доллар болатын. Бүгінгі таңда әлемдік аренадағы осы сегментте белгілі бір елде немесе жеке аймақта жетекші орын алатын әртүрлі ойыншылардың саны көп. Біз командаға жаһандық ойыншы болатынына және медициналық қызмет саласындағы жаңа «booking» болып қалыптасарына сенеміз», - деп Almak Capital басқарушы серіктесі Олжас Өкенов пікір білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға