Жаңалықтар

5 наурызда бірнеше өңірде жауын жауып, жел күшейеді

Сондай-ақ тұман мен көктайғақ күтілуде
5 наурызда бірнеше өңірде жауын жауып, жел күшейеді
Фото: kyzylorda-news.kz 05.03.2023 04:40 1124

5 наурызда республика аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны ықпал етеді, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, соған байланысты атмосфералық фронт түзіледі.

Қазақстанда жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауып, жел күшейеді. Солтүстікте, шығыс пен орталық өңірлерде жаяу бұрқасын соғады. Елдің оңтүстік облыстарында найзағай ойнауы мүмкін. Бүкіл республика бойынша тұман мен көктайғақ болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында күшті жауын-шашын, Түркістан облысының тауларында күндіз – қалың нөсер жауады.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға