Жаңалықтар

+45 градус. Ертең Түркістанда аптап ыстық болады

+45 градус. Ертең Түркістанда аптап ыстық болады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 12.07.2023 19:52 793

Түркістан облысында күн райы 45 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет»-тің синоптиктері осындай болжам жасады.

Инженер-синоптик маманы Әсем Нұрлыбаеваның айтуынша алдағы үш күнде өңірде жауын-шашынсыз ауа райы мен аптап ыстық сақталады.

Өңірдің басым бөлігінде ауа температурасы 37-42 градус аралығында.

Ал, облыстың батысындағы шөлді аудандарда ауа температурасы 45 градусқа дейін көтеріледі деп болжанып отыр.

Түркістан қаласында 12 шілде күндері күн райы 40-42 градус, 13 шілдеде 45 градус болады. Шымкент қаласында 12 шілдеде күн райы 37-39 градус, 13 шілдеде 40-42 градусқа дейін көтеріледі. Жауын-шашын жақын арада жаумайды, осыған байланысты облыс көлемінде төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың таулы аумағындағы аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, - дейді Әсем Нұрлыбаева.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға