Жаңалықтар

"4 баласы бар". Америкалық азаматқа тұрмысқа шыққан танымал блогер жан сырын ақтарды

"4 баласы бар". Америкалық азаматқа тұрмысқа шыққан танымал блогер жан сырын ақтарды
Фото: Әлеуметтік желі 29.11.2023 16:36 2892

Танымал блогер Айдын Тоқсанбаева 4 баласымен Америкаға көшіп, сол елдің азаматымен бас қосқан. Асылжан, Әміржан, Ақылжан, Батыржан есімді 4 ұл тәрбиелеп отырған Айдынның өмірін желі қолданушылары жиі талқылайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Блогер Айдын Тоқсанбаева бір баланы өзі дүниеге әкеліп, 3 баланы асырап алған. 30 жасында бірнеше баланы асырап алып, ерлік жасап жүрген блогер мән-жайды айтып берді.

Бала көтердім. Бірақ сол аралықта бұрынғы күйеуіммен түсініспеушілік болып, ажырастым. Аяғым ауыр кезде баладан бас тартқысы келетін, қиын жағдайдағы қыздарды кезіктірдім. Мен оларды қолдағым келді. Баламның жалғыз өскенін қаламай, үшеуін 2018 жылғы, біреуі 2020 жылғы.  Мен балаларды асырап алғанымды өскен кезде ғана айтамын деп ойлағанмын. Бірақ өскен соң қиналмауы үшін қазір айтуым керек деп ойлаймын, - деп айтты блогер "Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасында.

Осылайша табыс табу үшін Америкаға кеткен Айдын Тоқсанбаева жаңа өмір бастайды.

Балаларымды ата-анама қалдырып, тәуекел етіп АҚШ-қа келдім. Бір күні қазіргі жолдасымен таныстым. Бір жылдай сырттай қарап жүрген азамат кездесуге шақырды. Кездесуде ол түсін баяндады. "Түсімде сені көрдім, жанымызда төрт ұл бала болды" деді. Мұны естіген соң сенер-сенбесімді білмей, "балаларым туралы қайдан білесің?" дедім. "Мен сенің бала-шағаң барын білмедім, расымен сенде төрт ұл бар ма?" деді. Оның адалдығына көзім жетті. Бұл ғайыптан келген аян түс шығар. "Осымен сөйлеспей-ақ қояйық, уақытым жоқ" деп Қазақстанға кетіп қалдым. Ол мені Дубайға шақырды. Дубайға барғанда "менің барлық ниетім шынайы, барлығын қабылдадым" сырға тақты. Төрт баламен Америкаға билетімізді алып, осы үйді Дубайда отырып таңдады. Біз келем дегенше көлік сатып алды. Сөйтіп, бәрі ертегідегідей болды, - деді ол.

Айта кетейік, шетелдікпен бас қосқан отандастарымыз аз емес. Көпшілігі бақытты жанұяға айналса, енді бірі көмек сұрап, мемлекетке жүгінетіні жасырын емес.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға