Жаңалықтар

395 млн теңге. Шымкентте 2 әйел тұрғындарды алдаған

395 млн теңге. Шымкентте 2 әйел тұрғындарды алдаған
Фото: Pixabay.com 27.04.2023 18:00 778

Шымкентте 2 әйел тұрғындарды 395 млн теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әл-Фараби ауданының полиция басқармасына Шымкент қаласының 121 тұрғыны арызданып, онда 2 әйелдің мемлекет тарапынан төмен пайызбен пәтер алып береміз деп жалпы 395 млн теңге қаражаттарын алаяқтық жолмен жымқырғандарын көрсеткен.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі 2) тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Прокуратура органы қылмыстық іс бойынша тергеу органына жеткілікті мән-жайларды жан-жақты толық және заңда көзделген барлық шараларды қолдану мақсатында жазбаша нұсқау берді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде кінәлілер анықталып, олар Қылмыстық кодексте көзделген 10 жылға дейінгі бас бостандығын айыратын ауыр санаттағы қылмысты жасағаны үшін сотқа жолданды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға