Жаңалықтар

35 келіден астам. ҰҚК шекарадан есірткі асырмақ болған адамды ұстады

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
35 келіден астам. ҰҚК шекарадан есірткі асырмақ болған адамды ұстады
24.07.2022 03:39 1440

ҰҚК Түркістан облысы «Жібек Жолы» өткізу пунктінен өтпек болған адамнан көп мөлшерде есірткі тәркіледі, деп хабарлайды EL.KZ ҚР ҰҚК баспасөз қызметі сілтеме жасап.

2022 жылғы 22 шілдеде ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы «Жібек Жолы» өткізу пунктінде инспекциялық-тексеру кешенін және қызметтік-іздеу итін қолданумен көлік құралын тексеру барысында жасырылған жерден 35 келіге жақын есірткі заттарын тауып, тәркіледі (болжам бойынша «героин») - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға