Жаңалықтар

350 мыңға жуық автокөлік заңсыз тіркелген: Астанада қылмыстық топ мүшелері сотталды

350 мыңға жуық автокөлік заңсыз тіркелген: Астанада қылмыстық топ мүшелері сотталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 21.06.2023 11:00 711

Астанада көліктік бақылау саласындағы ұйымдасқан қылмыстық топ басшыларына қатысты үкім шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Антикор мәліметінше, Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Қ.Құдайбергенов пен оның сыбайласы Б.Шумбасованы 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Екеуі де ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, басқарған, диагностикалық карталарды қолдан жасап, техникалық тексеруден өту туралы ақпараттық жүйеге жалған ақпарат енгізді деп айыпталды, - делінген мәліметте.

Қылмыстық топтың тағы 13 қатысушысы 5 жылға бас бостандығынан айырылса, төрт адамның 2 жылға бостандығы шектелді.

Сондай-ақ сот үкімімен басқа лауазымды тұлғалар пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Барлығы олар 350 мыңға жуық автокөлік құралын заңсыз тіркеген, - делінген мәліметте.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға