Жаңалықтар

«31 арнаның» құрылғанына 30 жыл толды

«31 арнаның» құрылғанына 30 жыл толды
Фото: 31.kz 16.03.2023 18:35 919

Отбасылық телеарна жаңа мерейтойлық маусымның тұсаукесерін өткізді. Компанияның жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы 31 арнаның Бас директоры Құрманбек Жұмағали айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«31» алғаш рет эфирге 1993 жылы шықты. Телеарна құрылған күннен бастап елде және әлемде болып жатқан маңызды оқиғаларды қалт жібермей, «үзіліссіз» хабар таратып келеді. Отыз жыл ішінде 31 арна отандық журналистикада мықты кадрлар дайындаған үздік ұстаханалардың біріне айналды. Әр жылдары қызмет еткен және жұмысын жалғастырып келе жатқан мамандар көрермендерге эксклюзивті жобалар мен тәуелсіз зерттеулер, бірегей контент ұсынып келеді. Телеарнаның мерейтойлық жылы ауқымды нәтижелерді қорытындылауға, идеологиялық құндылықтарды қалыптастыруда қоғамдағы орны мен үлесін түсінуге тамаша мүмкіндік береді. Негізгі отбасылық арна болғандықтан, бізде балалар үшін де, ересектер үшін де мазмұнды контент қамтылған. Жаңа маусымда мерейтойға орай бірегей жобаларымызды ұсынамыз. Алға қойған биік мақсаттарымыз бар. Ең негізгісі  –  еліміздегі үздік үш телеарна қатарында болу, –  деді 31 арнаның Бас директоры Құрманбек Жұмағали.

Отыз жыл ішінде телеарна түрлі эксперименттер жасап, жаңашылдық алып келу ақылы өз орнын, аудиториясын анықтады. Телеарна жекеменшік болған соң шарықтау шегіне жетіп, қиын күндерді де бастан кешті. Мәселен, 1,5 жыл бұрын 31 арна телеарналар арасында 8 орында, ал аудиториялық көрсеткіші бойынша 5,8 деңгейінде болса, қазір 7,5 деңгейіне көтеріліп,  ТОП-5 телеарна қатарына енген.

Бұл көрсеткіш әлі де өседі. Біз қысқа мерзім ішінде ТОП-3 телеарна қатарына енуді негізгі мақсат етіп айқындадық, –  деді Құрманбек Жұмағали.

2020 жылмен салыстырғанда телеарнаның қазіргі табыс деңгейі отыз пайызға артқан. Нәтижесінде жылдар бойы қордаланған негізгі мәселелерді шешуге мүмкіндік туды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға