Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тексерісі нәтижесінде 300-ге жуық жетім баланың құқығы қалпына келтірілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Олар жалпы сомасы 2,5 млн теңгеден астам жәрдемақы алмаған. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тексерісінен кейін кәмелетке толмағандарға төленбеген жәрдемақы қайтарылды.
«Бұл мәселе әкімдіктердің құзырына жатады. Бірақ біздің комитет жағдайды бақылауда ұстап отыр. Тәртіп пен заңдылықты қалпына келтіру – біздің басты міндетіміз. 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап жәрдемақы мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін АЕК 3 063 теңгеден 3 180 теңгеге дейін өскенімен, жәрдемақы ескі АЕК бойынша төленіп келген. Жәрдемақы мөлшерінің айырмашылығы қамқоршылардың шоттарына жіберілді. Осылайша жетім балалардың құқығы қорғалды», – дейді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
300-ге жуық жетім балаға тиісті жәрдемақы берілмеген
Оқи отырыңыз
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді