Жаңалықтар

30 жылда әбден босаңсып кеттік – Атырау облысының әкімі

30 жылда әбден босаңсып кеттік – Атырау облысының әкімі
Фото: Видеодан алынған кадр 08.04.2024 11:30 1652

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов өңірдегі төтенше жағдайдың жариялануына байланысты жергілікті тұрғындарға мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысында барлық күш-құралды жұмылдыру үшін, барлық қауіпке дайын болуымыз үшін облыста табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимін жарияладым. Бүгін-ертең келетін қауіп жоқ, сондықтан даурықпай, барлығымыз біріге отырып қауіпке дайын болуымыз керек, - деді өңір басшысы.

Облыс әкімінің айтуынша, соңғы 30 жылда су деңгейінің төмендігіне байланысты дамбалар бекітілмей, кейбірі тіпті алынып тасталған.

Шыны керек, 1994 жылғы су тасқынынан соң біз әбден босаңсып кеттік. 30 жылда су деңгейінің төмен болғанына үйреніп қалыппыз. Ұзақ уақыт бойы тереңдету жұмыстары жүргізілмеген, бөгеттер нығайтылмаған, кейбір жерлерде олар мүлдем алынып тасталған, су қорғау аймағындағы жер телімдері ауылшаруашылық қажеттіліктері үшін берілген, арналар тазартылмады. Бұл жұмыстың барлығын өңірге тездетіп атқаруымыз керек, - деді Шәпкенов брифинг барысында.

Облыс басшысы өмірге қауіп төнген жағдайда алдын ала хабарланатынын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға