Жаңалықтар

30 жастағы әйел екі баласын өлтіріп, оларды мұздатқышта сақтаған

30 жастағы әйел екі баласын өлтіріп, оларды мұздатқышта сақтаған
Фото: JTBC 23.06.2023 13:42 1211

Оңтүстік Корея полициясы жаңа туған екі баласын өлтірді деп айыпталған әйелді тұтқындады. Әйел балаларының денелерін бірнеше жыл мұздатқышта сақтаған. Бұл туралы CNN агенттігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

30 жастағы әйел сәбилерін өзі өлтіргенін мойындады. Ал бұл әрекетін ол 12, 10 және 8 жастағы басқа үш баласына күтім жасау кезінде қаржылық қиындықтарға тап болуымен түсіндірді. Жаңа туған нәрестелер дүниеге келгеннен соң араға бір күн салып қайтыс болған.

Әйел алғаш рет мұндай қадамға 2018 жылы барған, сол жылдың қарашасында ол ауруханада дүниеге келген төртінші баласын өлтірген. Полиция әйел босанғаннан кейін ертеңіне тұншықтырып өлтірді және денесін үйіндегі мұздатқышта сақтады деп мәлімдейді. Ол 2019 жылдың қарашасында дүниеге келген бесінші баласын да солай өлтірген.  

Ал оның күйеуі әйелінің балаларды өлтіргенінен бейхабар болған. Себебі оған әйелі түсік жасатқанын айтқан.

Бұл іс мамыр айында мемлекеттік аудит және инспекциялық комиссия нәрестелердің тууы ресми түрде тіркелмегенін анықтаған кезде белгілі болды, дегенмен бұл туралы ауруханада жазба бар. Комиссия Сувон билігіне, муниципалды үкіметке хабарлап, ол әйел жергілікті тексеруден бас тартқаннан кейін оны тергеуді талап етті.

21 маусымда полиция әйелдің үйін тінту кезінде балаларын өзі өлтіргенін мойындады.

Yonhap агенттігінің мәліметінше, Оңтүстік Кореяда 2015 жылдан бері 2000-ға жуық нәресте туғаннан кейін тіркелмеген.

Комиссия 2015-2022 жылдар аралығында дүниеге келіп, ауруханаларда туу туралы жазбалары болғанына қарамастан, ресми тіркелмеген барлық 2236 баланың тарихын зерттеуді жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға