Жаңалықтар

«-30 градус аяз». Демалыс күндері ауа райы қандай болады

«-30 градус аяз». Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Фото: © El.kz 05.01.2024 13:47 2509

Синоптиктер 6-8 қаңтарда ауа райы қандай болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Болжамға сәйкес атлантикалық циклон және атмосфералық фронталь бөлімдер әсерінен алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады. Оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. 6 қаңтарда солтүстік-батыста қатты қар жауады, оңтүстікте де жаңбыр мен қар аралас қатты жауын-шашын жауады. 7-8 қаңтарда солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта қар жауады. Сонымен қатар, республиканың солтүстік жартысында көктайғақ болып, боран соғады, ел бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында температура күрт төмендейді. Мәселен, батыста және солтүстік-батыста түнгі уақыттарда 8-25 градус аязға дейін, солтүстікте 5-30 градус аязға дейін, ал республиканың шығысында 5-18 градус аязға дейін төмендейді. Оңтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 5 градус аяз - 7 градус жылы болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға