Жаңалықтар

3 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғуы мүмкін

3 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғуы мүмкін
Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ 03.12.2023 07:48 467

"Қазгидромет" РМК мамандары 3 желтоқсанда Қазақстан аумағы бойынша ауа райының қандай болатынын болжады.Ондағы деректерге қарағанда, республикамыздың 13 өңірінде қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі "Егемен Қазақстанға" сілтеме жасап. 

Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі, соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп болжанады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығы - Жезқазғанда көктайғақ болады деп күтіледі. Облыста соққан желдің екпіні 23 м/с, Жезқазғанда 15-20 м/с дейін жетеді.

Қарағандыда көктайғақ болады деп күтіледі. Өңірде соққан желдің екпіні 23-28 м/с құрайды.

Таңертең және түстен кейін Семейде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Өскеменде таңертең және түстен кейін соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжанады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, боран болады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Оралда күндіз көктайғақ болуы ықтимал.

Қызылорда облысының шығысында, орталығы Қызылордада да тұман болады деп күтіледі. Облыс орталығында соққан желдің екпіні - 15-20 м/с дейін.

Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Шымкент және Түркістан қалаларында түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.

Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында және Атырау қаласында тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде көктайғақ болу ықтималдылығы жоғары.

Павлодарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, боран болады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Ақтөбеде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығы – Ақтауда да түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Қостанайда қарлы боран, түнде және таңертең көктайғақ болады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға