Жаңалықтар

3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: © El.kz 03.09.2023 06:25 630

Қазгидромет 3 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде нөсер жаңбыр  мен бұршақ жауатынын болжады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр, ал облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, облыстың шығысында нөсер жаңбыр, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 25 м/с болады. 

Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батыстқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Шымкентте оңтүстік-батыстан солтүстік-батыстқа ауысатын жел ойнайды, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, ойнап күндіз бұршақ жауады Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады. 03 қыркүйекте облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с болады. Облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қостанай облысының басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел ойнайды.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Батыстан, оңтүстік-батыстан облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға