Жаңалықтар

3 облыста жол жабылды - ҚазАвтоЖол

3 облыста жол жабылды - ҚазАвтоЖол
Фото: Қазавтожол 23.01.2024 02:25 1493

22 қаңтар сағат 22.00-дегі ахуалға сәйкес ауа-райының қолайсыздығына байланысты 3 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

 Алматы облысында - 1 учаске
1."Алматы-Шелек-Қорғас" 24-254 км, Ақы алу пунктінен-Жетісу обл.шек. дейін – 230 км.

 Жетісу облысы - 1 учаске
1. "Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма ст.- Достық ст. - 100 км.

 Батыс Қазақстан облысында - 2 учаске
1."Чапаев-Жалпақтал-Қазталов" 0-213 км, Чапаев к.-Қазталов к.-213 км.
2. "Атырау-Орал" 189-371 км, Атырау обл.шек-Чапаев к. - 182 км.

Қазіргі таңда республикалық маңызы бар автожолдарда 206 бірлік техника және 287 адам жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға