Жаңалықтар

28 сәуірде елордада марафон өтеді

28 сәуірде елордада марафон өтеді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 27.04.2024 15:39 427

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 28 сәуір күні сағат 6:00-де Астана қаласында «Бірлік жүгірісі» республикалық марафоны өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы Астана қаласының триатлон федерациясы, ҚР Туризм және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Спорттық жарысқа Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.Әзілханов, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, республикалық және астаналық этномәдени бірлестіктердің, жастар және еріктілер ұйымдарының, спорт федерацияларының, жүгіру клубтарының өкілдері, елорда тұрғындары мен қонақтары қатысады.

Іс -шара бір мезгілде еліміздің 15 өңірінде басталып, салауатты өмір салтын қолдайтын 10 мыңға жуық спортшыны қамтиды деп күтілуде.

Жарысқа қатысушылар жартылай марафондық, 10 және 5 км қашықтықты еңсеріп, ең жас спортшылар 1 км қашықтыққа жарысады. Санаттар бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, естелік медальдар табысталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға