Қазақстанда алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады: алдымен ел аумағында қар жауса, кейін температура күрт көтеріліп, күн жылынады.
Синоптиктердің дерегінше, 18-20 сәуірде скандинавиялық антициклонның ықпалы солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде сезіліп, бұл аймақтарда жауын-шашынсыз, бірақ салқын ауа райы сақталады. Алайда ауа массаларының ауысуына байланысты температура біртіндеп жоғарылай бастайды.
Елдің батысы мен оңтүстігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі – жаңбыр, найзағай, ал таулы аймақтарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін, – деп хабарлады «Қазгидромет».
Күндізгі уақытта ауа температурасы:
батыс, солтүстік және орталықта +15…+23°С-қа дейін,
шығыста +10…+18°С-қа дейін,
оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +17…+28°С-қа дейін көтеріледі.
Мамыр айына болжам
Синоптиктер мамыр айына да алдын ала болжам жасады. Жалпы алғанда, ел аумағында ауа райы әдеттегіден жылы болады.
Орташа айлық температура:
көп өңірде +14…+19°С,
оңтүстік және оңтүстік-батыста +20…+24°С,
таулы аймақтарда +12…+14°С шамасында болады.
Бұл көрсеткіштер климаттық нормадан +1…+2 градус жоғары.
Жауын-шашын көлемі қалыпты деңгейде күтіледі. Дегенмен Қызылорда, Ұлытау облыстарында және Қарағанды, Түркістан, Жамбыл өңірлерінің кей бөліктерінде жауын-шашын аз болуы мүмкін.
Астана, Алматы, Шымкенттегі ауа райы
Астана:
Мамырда орташа температура +16,1°С болады. Ай ішінде ауа райы құбылып тұрады: кей күндері +30°С-қа дейін жылынса, кей кезеңде қайта салқындап, түнде үсік жүруі мүмкін.
Алматы:
рташа температура +19°С шамасында. Кей күндері күндіз +33°С-қа дейін ысиды. Ай бойы жаңбыр, найзағай, жел күшеюі ықтимал.
Шымкент:
Орташа температура +21,4°С. Кей күндері ауа температурасы +40°С-тан асып кетуі мүмкін. Ай ішінде ауа райы жиі құбылып, аптап пен салқын кезеңдер алмасады.