Жаңалықтар

27 наурызға арналған ауа райы болжамы

pixabay.com
Фото: pixabay.com 27.03.2023 08:55 259

Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Шымкент, Астана және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Антициклон сілемінің әсерінен еліміздің бүкіл аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыста, күндіз Қазақстанның шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен аздаған жаңбыр жауады.

Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға