Жаңалықтар

260 заң қайта қаралады – әділет министрі

260 заң қайта қаралады – әділет министрі
Фото: © ОКҚ 23.06.2023 12:35 756

Әділет органдарының қызметін жетілдіру туралы әділет министрі Азамат Есқараев баспасөз брифингінде баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Министр биыл заң жобалау жоспарында 27 заң көзделгенін атап өтті. Бұл өткен жылғы заң жобалаумен жылмен салыстырғанда 22 пайызға артық.

Қазіргі таңда 8 заң жобасы Парламентке енгізілсе, алтауы осы айдың ішінде Парламентке өтеді. Оның ішінде 2 заң жобасына Мемлекет басшысы қол қойды. Яғни әкімшілік реформа жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу және екіншісі – әкімшілік реформа жөніндегі конституциялық заңдарға өзеріс пен толықтыру енгізу туралы. Бұл заң жобалау жұмыстарының сапасын арттыру жөнінде біз ведомствоаралық комиссияның жұмысын жаңа деңгейге көтеру бойынша жұмыстарды жүзеге асырдық, – дейді әділет министрі.

Сондай-ақ министр бүгінгі таңда 30 мемлекеттік органмен бірлесе отырып, 260 заң қайта қаралатынын айтты. Оның ішінде 4437 мемлекеттік функция заң деңгейінде қаралып және 22 мың 218 функция заң деңгейінен заңға тәуелді актілеріне ауыстыру жөнінде жұмыстар жүріп жатқанын тілге тиек етті.

Келесі бір мәселе – заңсыз активтерді қайтару жөніндегі заң жобасы. Осыған қатысты Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес Мәжіліс депутаттарымен бастамашылық жасалып, нақты-нақты мәселелерді шешіп, қоғамдағы әлеуметтік сұранысқа жауап беруге бағытталды. Яғни бұл заң – үлкен деңгейдегі жемқорлыққа бағытталған заң жобасы. Жауапты лауазымды тұлғалардың кезіндегі мүмкіндігі бола тұра, үлкен активтерге қол жеткізіп, шетелге шығаруына қатысты істерге қарсы нақты шешімдер аталған заң жобасында көзделген», – деді әділет министрі Азамат Есқараев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға