Жаңалықтар

25 мамырда бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

25 мамырда бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: © Pixabay.com 25.05.2023 06:29 452

25 мамырда еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК синоптиктері жасаған болжамға сәйкес, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Қостанай, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға