Жаңалықтар

"25 бала көз жұмды". Бала құқықтары жөніндегі уәкіл үндеу жасады

"25 бала көз жұмды". Бала құқықтары жөніндегі уәкіл  үндеу жасады
Фото: t.me/mazhilis_kz 20.11.2023 15:41 764

Соңғы кезде балалардың көпшілігі туыстарының қолынан қаза тауып жатыр. Осы орайда Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева барша қазақстандыққа үндеу жасады,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Биыл елімізде 25 бала көз жұмды, оның 6-ы жақын адамдарының қолынан қаза тапты. Кісі қолынан мерт болған 7 жасар қыз табылды. Алдын ала болжам бойынша, қылмысқа күдікті ретінде ұсталған баланың анасы кінәсін мойындады. Бұл отбасының басқа балалары арнайы орталыққа орналастырылады, – деп мәлімдеді Динара Зәкиева.

Оның айтуынша, мұндай ауыр қылмыс ішімдіктің, отбасындағы зорлық-зомбылықтың салдарынан туындап жатады. 

Тергеу шаралары кезінде 70% жағдайда оқиғаны міндетті түрде әлдекімнің көрген, білген, бірақ ол туралы хабарламаған, жағдайға араласқысы келмеген, қорқып кеткен және т.б. жайттары анықталып жатады. Осындай жантүршігерлік зардаптар мен зорлық-зомбылықтың алдын алудың бір жолы – сіз бен біздің араласуымыз. Егер сіз балалардың өміріне қауіп төніп тұрғанын көрсеңіз, естісеңіз немесе білсеңіз, «111» немесе «102» телефон нөмірлеріне хабарласыңыз, - дейді ол.

Ол әлбетте, ақпараттың тексерілетінін, бірақ қауіп расталса, біреудің өмірін сақтап қалуға болатынын айтады.

Екіншіден, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз мемлекеттік органдармен және депутаттармен бірлесіп әзірлеген балалар қауіпсіздігі туралы заң жобасында қарастырған заңнамалық өзгерістер өте маңызды. Қолдау тапқан өзгерістер туралы мен бұрын жазғанмын, ең маңызды түзетулердің бірі – балаларға қатысты зорлық-зомбылық, ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру дерегі үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту. Өйткені жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету арқылы біз ауыр зардаптардың алдын аламыз; балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық жағдайында татуласуды болдырмау; отбасыларға көмектесу инфрақұрылымын қолға алу, алдын алу және т.б. Қазіргі уақытта заңда барлығы 109 түзету бар, - деді балалар омбудсмені.

Ол сонымен қатар барлық ҮЕҰ-мен бірлесіп одан әрі шешімдерді әзірлеу үшін әлеуметтік зертхана құру туралы айтты.

Келесі мәселе - бізге кадрлар қажет. Заңдарды қабылдағанда олардың орындалуын қамтамасыз етуіміз керек. Қазір 6,8 млн балаға 303 әлеуметтік қызметкерден келеді. Демек 1 қызметкерге — 22 мың бала. Әлемдік практикада 1 қызметшіге 5 мыңнан артық бала берілмейді. Бұл мәселені қазір Оқу-ағарту министрлігімен бірге қарастырып жатырмыз. Халықаралық балалар күні қорғау күні қарсаңында 111 жедел желісі туралы ақпаратты барынша таратуды сұраймын, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға