Жаңалықтар

240-тан астам педагог ведомстволық наградаларға ие болды

240-тан астам педагог ведомстволық наградаларға ие болды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 26.05.2024 09:08 409

Еліміздің әр өңірінде 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты шара ұйымдастырылды. 240-тан астам педагог Оқу-ағарту министрінің атынан ведомстволық наградалармен марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ғани Бейсембаев ұстаздарға көп жылғы адал еңбектері мен білім саласын дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

Білім саласы – болашақтың негізі, оның басты тірегі – бар күш-жігері мен білімін баланы оқытып, тәрбиелеуге жұмсайтын ұстаздар қауымы. Әр баланың тұлғалық қалыптасуының бастауында сіздер тұрсыздар, еліміздің білімді, рухани бай ұрпағын қалыптастырып келесіздер. Ұстаздық қызметтегі кәсіби шеберліктеріңіз үшін шынайы ризашылығым мен шексіз құрметімді білдіремін, - деді еліміздің бас ұстазы.  

Министрлік мәліметінше, Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгімен «Үздік педагог» атағының иегерлері болып табылатын 190 педагог-шебер марапатталды. 20 педагогке «Еңбек ардагері» медалі тапсырылды. 700-ден астам педагог «Оқу-ағарту министрлігінің «Құрмет» грамотасына және Алғыс хатқа ие болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға