Жаңалықтар

24 тамызда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

Елорда мен Алматыда өтетін маңызды шаралар тізімі жарияланды
24 тамызда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
Фото: rosuchebnik.ru 23.08.2022 20:35 1087

El.kz порталы 24 тамыз күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығында «Агрономия және бизнес: тұқым шаруашылығы» тақырыбында брифинг өтеді.

10.00-де SHERATON қонақ үйінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Қазақстанның ғылымы және жоғары білімі» форсайт-сессиясын ашады.

15.00-де «Alem Auto Trade» орталығында «Астана Жастары» ЖРО» КММ «Үздік» жобасы аясында автосервис өкілдерін, оның ішінде жеке кәсіпкерлер арасында «2022 жылдың Үздік шиномонтажшысы» байқауын ұйымдастырады.

16.00-да Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты мен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының бірлескен отырысы өтеді.

АЛМАТЫ

16.00-де ҚР Мемлекеттік орталық музейінде Қазақстанның кәсіби суретшілері менсәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің «ҚОҢЫР МАУСЫМ» көрмесі ашылады.

16.00-де Бас Консул резиденциясында Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай АҚШ Бас консулы Кэролайн Саваж, Деннис Кин және Әуезов музей-үйінің директоры Диар Қонаевтың қатысуымен «Америка әсерлері» кітабының тұсаукесері өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға