Жаңалықтар

23 мамырға ауа райы болжамы: Бірнеше өңірде өрт қаупі сақталады

23 мамырға ауа райы болжамы: Бірнеше өңірде өрт қаупі сақталады
Фото: © Pixabay.com 23.05.2023 07:10 574

Синоптиктер 23 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында бұршақ жауады, - делінген «Қазгидромет» таратқан ақпаратта.

Ал республика аумағында күшті жел, батыста және оңтүстікте – шаңды дауыл соғады деп күтілуде.

Павлодар облысының басым бөлігінде, Қарағанды облысының шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Абай облысының Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға