Жаңалықтар

22 мамырға арналған ауа райы болжамы

22 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото: El.kz 22.05.2024 08:32 404

"Қазгидромет" синоптиктері 22 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін елдің басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді. Соған байланысты бірнеше өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы облысының таулы аймақтарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Сонымен қатар ел аумағы бойынша тұман түсіп, екпінді жел соғады.

Қарағандының оңтүстігінде, Қостанайда, Атыраудың солтүстік-батысында, Қызылорданың шығысында, батысында, Батыс Қазақстанның оңтүстік-батысында, солтүстік-батыста, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аймақтарында төтенше өрт қаупі бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға