Жаңалықтар

21 жастағы Ақтау тұрғыны өз-өзіне қол жұмсады

21 жастағы Ақтау тұрғыны өз-өзіне қол жұмсады
Фото: © iStock 11.05.2023 10:30 753

Ақтауда 21 жастағы ер адам асылып өлді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Ақтау қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 3 мамырда 13 шағынаудандағы үйдің бірінде орын алған.

Сағат 18:55-те 102-ге пәтердің жатын бөлмесінде ер адам асылып қалғаны туралы қоңырау келіп түсті. Жедел-тергеу тобы оқиға орнына шықты. Мән-жайды анықтау барысында 21 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсағаны анықталды, - деді ведомстводан.

Қазіргі таңда аталған оқиғаға байланысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға