Жаңалықтар

2040 жылға дейін Алматының қалай дамитыны белгілі болды

2040 жылға дейін Алматының қалай дамитыны белгілі болды
Фото: ©El.kz/Александр ПАВСКИЙ 23.05.2023 04:18 565

Үкімет Алматының 2040 жылға дейінгі жаңа бас жоспарын бекітті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы әкімдігінің ресми телеграм-арнасында таралған ақпаратқа сәйкес, алдағы онжылдыққа қала дамуының нақты тұжырымдамасы пайда болды. Шаһарда бес жаңа полиорталық құрылады. Олардың әрқайсысы өзін-өзі қамтамасыз ететін аудан болады. Әрі өмір сүруге ыңғайлы, барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген іскерлік белсенділік орталықтарына айналады.

Бас жоспарда жаңа мектептер, ауруханалар салу, жасыл аймақтарды, саябақтар мен алаңдарды көбейту көзделген. Алматыға «жасыл қала» атағы қайтарылады. Қоғамдық көлік ыңғайлы болады. Автобустар газ бен электр тартқышқа ауыстырылады, метро желісі, ЖРК салынады, - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Мұның бәрі алдағы онжылдықтарда Алматының жасыл, таза, қауіпсіз және қала тұрғындары үшін жайлы болуына мүмкіндік береді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға