Жаңалықтар

2027 жылы хоккейден әлем чемпионаты Германияда өтеді

2027 жылы хоккейден әлем чемпионаты Германияда өтеді
Фото: Германия хоккей федерациясы 26.05.2023 15:39 445

2027 жылғы хоккейден әлем чемпионатын ұйымдастыратын ел анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сайлау бүгін, 26 мамыр күні, Тампереде өткен Халықаралық хоккей федерациясының жыл сайынғы конгресінде өтті.

Германиямен бірге әлемдік біріншілікті ұйымдастыру құқығына Қазақстан да таласқан. Алайда дауыс берушілердің 75%-і Германияны қолдаса, қалған 25%-і Қазақстанға дауыс берген. Бастапқыда Норвегия да турнирді өткізуден үмітті болған, бірақ қаңтарда өтінішін қайтарып алды.

Германияның өтініш берген қалалары арасында Кельн, Дюссельдорф, Маннгейм және Мюнхен қалалары бар, турнир олардың екеуінде өтеді. Соңғы рет бұл ел әлемдік біріншілікті 2017 жылы Франциямен бірге қабылдады.

2023 жылғы әлем чемпионаты Финляндия мен Латвияда, 2024 жылы жарыс Чехияда, 2025 жылы Швеция мен Данияда, 2026 жылы Швейцарияда өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға