Жаңалықтар

2027 жылы ауылдағы интернет пайдаланушылардың үлесі артады

2027 жылы ауылдағы интернет пайдаланушылардың үлесі артады
Фото: ptrk.kz 08.02.2023 10:01 1058

 Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев "Қолжетімді интернет" және "Әрбір елді мекенде таза ауыз су" Ұлттық жобаларын әзірлеу барысы бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, 2027 жылы үйдегі кең жолақты интернетке қол жеткізу желілерінің ену деңгейі 100%-ке жетеді. Сондай-ақ 2027 жылы республикалық маңызы бар қалаларда 5G-мен қамту 75%-ке, облыс орталықтарындағы қалаларда 60%-ке жетеді. Ал 2027 жылы ауылдағы интернет пайдаланушылардың үлесі 97%-ке жақындайды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының халықты жүз пайыз ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында әзірленген «Әрбір елді мекенде таза ауыз су» жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен жобаны қаржыландыру қайта қарастырылды. Оны жүзеге асыру 2025 жылдың соңына дейін барлық қалалар мен ауылдарды сумен жабдықтау қызметтеріне 100% қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кеңес соңында Ерұлан Жамаубаев мүдделі мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді.

 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға